Күлу, сықылықтау, сақылықтау, жырқылдау, жыртақтау, тырқылдау, хақақалау, қарқылдау, сыңқылдау сөйл

lat: Kúlý, syqylyqtaý, saqylyqtaý, jyrqyldaý, jyrtaqtaý, tyr- qyldaý, haqaqalaý, qarqyldaý, syńqyldaý sóıl.

.Күлкі шығару, мәз-мейрам болу, ішек-сілесі қату. Қыз бұған жас балаша мәз болып, сықылықтап күле береді (М. Әуезов). Күлгенде қатты сықылықауға болмайды, күлгенде де шамалап күлу керек («Семья тәрбиесі»), Мәрзия сақылықтап күліп, жас балаша мәз-мейрам болады (Ш. Мұртазаев). Бухгалтер Ешмұхан күлер сөзге де, күлмес сөзге де жырқылдап, екі езуі екі құлағында келе жатыр (Қ. Қазыбаев). Неге жетісіп жыртақтаймыз, жастарымыздың құнсыз, дымсыз өтіп бара жатқаны ма (Д. Досжанов). Ол осы хабарға мөз болғандай, тырқылдай күліп кете берді (С. Сарғасқаев). Бұл қатындарды қойсаңшы, Танабайды аттан аударып алып, хақақалап у да шу болды (Ш. Айтматов). Ырысбек дәл біреу екі қолтығынан бірдей шап беріп қытықтап жібергендей, қарқылдай жөнелді (С. Мұратбеков). Қыз-келіншек үй тігер, Бұрала басып былқылдап, Ақ білегін сыбанып, әзілдесіп сыңқылдап (Абай).